Жайық өзенінде браконьерлікке қарсы рейд жүргізу барысында инспекторларға тиесілі қызметтік квадроцикл мұзға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, оқиға 7 қаңтар күні Жайық–Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлерінің қатысуымен болған.
Оқиға кезінде инспекторлар қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Қызметкерлер құтқару кеудешелерін кигендіктен, өз беттерімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Оқиға туралы тиісті қызметтерге хабар берілді. Қазіргі уақытта квадроциклді судан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін оның техникалық жағдайына бағалау жасалады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
