Сейсенбі, 10 ақпан, 23:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Брифинг: қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Бейбіт Бидаш баяндайды

10.02.2026

58 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала бойынша 2 155 нысан бақылауға алынды. Оның 1133-сі эпидемиялық маңыздылығы жоғары санатқа жатқызылды. Профилактикалық бақылау мен жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

2025 жылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды талдау барысында бірқатар инфекциялық аурулар бойынша қауіптің сақталып отырғаны анықталды. Қызылша, жіті ішек инфекциялары, туберкулез, жұқпалы тері аурулары және вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша тіркелімдер орын алды. Қызылша жағдайларының басым бөлігі екпе алмаған балалар арасында тіркелді.

Аса қауіпті және зооноздық инфекциялардың алдын алу мақсатында құтыруға, бруцеллезге және кенелер арқылы таралатын ауруларға қарсы кешенді профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары қолайсыз аймақтарда 407 гектар жер көлемі қамтылды.

Халықтың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өнімдердің сапасына бақылау күшейтілді. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаулысы рәсімделіп берілді. Зертханалық тексерулер нәтижесінде талаптарға сай келмейтін 191 л сүт өнімі, 316 кг тұрмыстық химия заттары, 199 дана ойыншықтар, 8 дана рюкзак өнімдері айналымнан алынып, жедел ден қою шаралары қолданылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: