54 жыл бұрын (1962-2015) қазақстан және ресей эстрада әншісі, композитор Шүкенов Батырхан Қамалұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын тамәмдаған. 1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді. 1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды. 1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» ән кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Кеңсе одағы аумағында танымал болды.
Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды. 2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды. 2009 жылы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі, 2010 жылдан бастап Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.
Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!