Сәрсенбі, 01 қазан, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Бүгін – Халықаралық қарттар күні

01.10.2025

52 0

Жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда және әлем елдерінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеуге арналған, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық қарттар күні – 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Республикада жасы бойынша 2,5 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, ҚР Әлеуметтік кодексінің 197-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.

Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері индекстелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65-тен 70%-ға, ал ең жоғарғысы 105-тен 110%-ға дейін өседі.

Республикада 127 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр. 2025 жылы олардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: