Жұма, 31 қаңтар, 06:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Бүгін ұлттық қордан әр балаға 129 доллар аударылады

31.01.2025

63 0

Фото: Н.Нұржаубай

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында биыл әр балаға қанша қаржы аударылатынын есептеп болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Былтыр 6 млн 918 мың бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қатысушысы болды. Оның әрқайсысына 100 доллардан сәл асатын ақша аударылды. Биылғы инвестициялық табыс жаман емес. Орташа  инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылады. Бұл жаңалықты қуана отырып бөлісемін. Өйткені, менің де бағдарламаға қатысатын балаларым бар. Биыл 6 млн 921 мың 35 бала қатысады. БЖЗҚ енді ғана есептеп болды. Әр балаға 129 доллар 32 центтен аударылады»,  деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк мәліметі бойынша балаларға тиесілі ақша бүгін аударыла бастайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: