Жұма, 22 қараша, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 шілде күні сізді не күтіп тұр

14.07.2023

727 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз. Сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі жақсы болады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Барлығы оңай шешіледі. Жасайтын іс көп, сондықтан олар бойынша шешім шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Кешке қарай келісімге келу қиынырақ болады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын адамыңызбен арадағы реніштерге жол бермеңіз. Ашуыңызды басып, сабырмен араға бірер күн салып барып, сөйлесіңіз. Себебі, бүгін нәтиже болмауы мүмкін. Егер сізді қандай да бір мәселе алаңдатса, мүмкіндігінше достарыңыз бен таныстарыңыздың пікірін сұраңыз. Сонда ғана сіз шынымен нақты шешім қабылдай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер бүгін көңіл-күйіңіз болмаса, жақсы күндеріңізді есіңізге түсіріп, өткенді ойламаңыз, оданша сүйікті комедияңызды тамашалап, достарыңызбен және жан құрбыларыңызбен сырласқаныңыз жөн. Бүгін шыдамды болуға тырысыңыз: серіктесіңізбен тіл табысып, барынша сабырлы болуға тура келеді.

 Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Кейбір нәрселерді кейінге қалдырып, отбасыңызбен немесе басқа маңызды адамдарыңызбен фильм көруге уақыт бөлуге тамаша күн: уақытыңызды тамаша өткізесіз және өкінбейсіз. Кем дегенде бір апта бойы күніне 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз, сонда сіздің сыртқы келбетіңіз қаншалықты оң өзгеретінін көресіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру – өзіңізді сыйламау және бағаламау. Демалыс күндері достарыңыз үшін еш себепсіз кеш ұйымдастырыңыз, бұл сізге өмірдің дәмін қайтаруға мүмкіндік береді, ал жақын адамдарыңыз бұл қадамыңызды ұзақ уақыт бойы талқылайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдарыңызға деген ашу-ызаңызды басып, қарым-қатынасты бұзбаңыз. Жағымсыз эмоциялар отбасының ішкі мәселелері емес, сыртқы факторлардан туындайды. Қарым-қатынас жасау қиын болады, сондықтан даулардан аулақ болыңыз. Күнді өзіңізге арнаған дұрыс: саябақта серуендеп, дүкен аралауға уақыт бөліңіз. Осылайша денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңізді жақсартыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жұмыс бойынша кездесулерді тоқтата тұрған дұрыс, жоспарлар мен тапсырмаларды талқылау өнімді болмайды. Жақын арада ортаңыз өмір бойы сізбен бірге болатын жаңа доспен толысуы мүмкін, соған дайын болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін отбасындағы кикілжіңдерді шешіп, әділ би рөлін атқаруыңыз мүмкін. Жақын адамдар арасындағы кикілжіңдерді шешудің маңызы зор. Егер балаларыңыздың сабақ үлгерімі нашар болса, өзіңізді де, балаңызды да еш кінәламаңыз. Тым болмаса, жеке ұстаз жалдап, оның білімін толықтыруға септесіп жіберіңіз.

 Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік пен компьютерлік көзілдірік сатып алыңыз: көзіңізді қорғау – өз денсаулығыңызға салынған баға жетпес инвестиция. Жағдайыңызды жақсарту үшін жүгіруді қолға алыңыз және ұйықтар алдында жалбыз шайын ішіңіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді. Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жақында ұрысып қалсаңыз да, сүйіктіңізбен татуласу үшін батылдық танытыңыз. Проблемаға көміліп қалмай тұрғанда, серіктесіңізбен ашық сөйлесіңіз. Алғашқы көмек көрсету курсына жазылыңыз: алған біліміңізді іс жүзінде қолдану мүмкіндігіңіз үлкен емес, бірақ білімнің болғаны жақсы.

Ақпарат көз: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: