Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 29 мамыр күні сізді не күтіп тұр?

29.05.2023

1240 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

 Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жануарлар мен құстарға азық беріңіз, гүлдерді суарып, үй жинаңыз. Кешке дүкендерді аралап көріңіз, сауда сәтті болады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, алаңдамаңыз: бұл уақытша құбылыс. Дәрумендер ішіңіз, ал кешке шай ішіңіз. Бүгін өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Кешкі асқа десерт дайындаңыз, диетаны бұзудан қорықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін рационыңыздан ет пен алкогольді алып тастаңыз, кешке серуендеңіз. Ұйқыңыз жақсы болатыны сөзсіз. Күніңіз жақсы өту үшін жақындарыңыздың кеңесін пайдаланыңыз. Кешке олармен демалып, уақыт өткізіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Мүмкіндігінше, өз денсаулығыңызды кешенді жоспарлы тексеруді ойластырыңыз. Ол кез келген ықтимал аурулардың алдын алады немесе дертті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Үйдегілерді жақсы аспен қуантыңыз немесе мейрамханаға шақырыңыз. Олар сізді де дәл солай қуантуға тырысатыны анық. Тіпті ең қиын, жағымсыз істерді кейінге қалдырмаңыз. Ішкі түйсігіңіз оларды тез шешу жолын көрсетіп береді. Ақшаға абай болыңыз, себебі сіз сәтсіз саудаға тап болуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі. Ар-ұжданыңызбен мәміле жасауға тырыспаңыз: қалайтын және қолайлы жолмен емес, дұрыс жолды таңдап әрекет етіңіз, осылайша болашақта өзіңізді жазғырудың қажеті болмайды.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өз көзқарастарыңызды өзгертуге тырысатын адамман қашыңыз. Егер ол адам сіздің сүйіктіңіз болса, онда тіптен аулақ болыңыз немесе оған екі адамның пікірі бір жерден шығуы міндет емес екенін түсіндіріңіз. Қос ғашықтың қарым-қатынасы өзара құрметке негізделген болуы керек. Алғашқы медициналық көмек қобдишасына бір көз жүгіртіңіз: бәлкім кей дәрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кетіп, оларды алмастыратын уақыт келген болар.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз толық емес жұмыс күні бар жаңа қызмет іздеп жүрген болсаңыз – бүгін сіз қызықты ұсыныс таба аласыз. Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Сөмкеңізде ерін бальзамы мен қол кремін алып жүруді ұмытпаңыз: бұл терінің құрғауын болдырмауға және өміріңізге жайлылық сыйлауға көмектеседі. Бүгін жұмыс тапсырмаларыңызға ерекше жауапкершілікпен қараңыз: жұмысқа атүсті қарау мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек. Үйіңізді безендіруді бұрыннан ойлап жүрген боларсыз? Сурет салу, бөлме гүлдерін отырғызу немесе перделерді ауыстырудың уақыты келді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Нақты жоспарға сәйкес әрекет етіңіз және керемет жетістікке жетіңіз, жаңа перспективалар мен қызықты мүмкіндіктерді көріңіз. Дүкенге барар алдында сатып алуыңыз керек заттар тізімін жасап жүруге үйреніңіз. Бұл нағыз керек дүниені ғана сатып алуға септік болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер бос уақытыңыз болса, дүкендерді аралап, сұранысқа ие азық-түліктердің бағасын салыстырып көріңіз. Тіпті кішігірім үнемдеу бюджетіңізді еселеуге мүмкіндік жасайды. Сүйіктіңізді қуанту үшін оның не қалайтынын сұрау – әбестік емес. Бұл жақын адамыңыздың көңілін көтереді және осылайша арақатынасыңыз жақсарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: