Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Бұрынғы бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден өтті

15.07.2021

1133 0

Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы дінтанушы, ғалым Досай Кенжетай Facebook-тегі парақшасында жазды.

Екі күн бұрын ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы дінтанушы ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді. 

Әбсаттар қажы Дербісәлі – 1947 жылы 15 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданында туған. 2013 жылдың ақпанында Әбсаттар Дербісәлі Қазақстанның бас мүфтиі қызметінен кеткен болатын. 

ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО Ғылым Академиясы Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі.

Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөлімі төрағасы болған. КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984) марапатталған. ҚазМУ-дің әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республиканың 10 мемлекеттік университетерінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Араб тілі» Ғылым Академиясының (Каир) академигі. Дербісәлі республикалық арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылыми докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі болған. 

Әбсаттар қажы Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымағы, діндераралық түсіністік пен сыйластықты арттыруда да игілікті істер атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: