Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Бурабайда оқу семинары өтті

06.02.2026

13 0

Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК ұйымдастыруымен Бурабай баурайында жаңа үдерістер мен технологиялар бойынша білітілік арттыру семинары өтті.

Оған еліміздің барлық филиалынан зертхана меңгерушілері мен сапа және менеджмент бөлімінің басшылары қатысты. Үш күнге созылған оқу бағдарламасында мамандар түрлі тақырыпта дәріс алып, жол құрылысына қатысты жаңашылдықтарды меңгерді. Сондай-ақ, “Жол акивтері сапасының ұлттық орталығы” мен “ҚазАвтожол” компаниясы арасындағы іскерлік-әріптестік байланыс және өзара жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды. Семинарда QR код арқылы жол-құрылыс материалдарына сараптама жасаудың регламенті талқыланды. Бүгінде барлық филиал цифрлық жүйеге көшіп, сараптама қорытындысы қағазға емес орталық базаның жадына түсіп отырады. Яғни, сынамадан өткен жол құрылыс материалдарының сапа нәтижесі еш бұрмаланбай адами факторларға мүлдем жол берілмейді деген сөз. Мұнан бөлек, сапа орталықтары kaidzen технологиясын қолданып, зертхана мен инженерлер жұмыстың озық әрі ең тиімді әдіс-тәсілдерін өндіріске енгізіп отыр. Бұл еропалық тәжірибені мамандар сәтті жүзеге асырып, жұмыс процесі жеңлдей түсті. Оқу семинарының қорытындысымен Қызылорда филиалының бөлім басшылары Ержан Усманов пен Мағжан Қасымхан кәсіби біліктіліктерін арттырып, жаңа үдерістерді меңгерді. Және барлық қатысушыға арнайы сертификат табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: