Жұма, 27 желтоқсан, 03:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бурабайға баратын туристік электр пойызы іске қосылды

22.12.2022

1015 0

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейін арнайы туристік электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана – Көкшетау электр пойызының 2 вагоны таңертең жолға шықты. Сондай-ақ, вагондар ұлттық стильде безендірілген.

Жолда Бурабайға тоқтайтын электр пойызы күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, курортты аймаққа сағат 09:57-де жетеді.

Кері қарай сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, ал «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.

Бурабайға баратын туристік электр пойызы іске қосылды

«Мерекелік пойыз жобасын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Наурыз мерекесі қарсаңында жалғасын табады. Сондай-ақ, алдағы уақытта пойыз бағыттарының аясын кеңейту жоспарымыз бар. Мысалы, Алматы -Маңғыстау бағытында туристік пойызды іске қосу. Осылайша, басқа бағыттар да ашыла бастайды. Әрине, бір күндік жұмыс емес, жоспар бар», – деді «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік безендірілген вагондардың баға айырмашылығы жоқ.

Бурабайға баратын туристік электр пойызы іске қосылды

Бүгін іске қосылған туристік пойыз 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін жүреді.

«Мерекелік пойыз туристер үшін ыңғайлы. Турпакетті сатып алғанда пойыздың құны ішіне кіреді. Яғни, бөлек билет алудың қажеті жоқ. Мысалы, сіз Бурабайға турпакет сатып алсаңыз көлік жағын уайымдамасаңыз болады. Сізді Бурабайдан күтіп алады. Жаңа жылдық электр пойызын іске қосудағы мақсат – өңірлерге туристер ағынын тарту және жергілікті туроператорлардың белсенділігін қамтамасыз ету», – дейді ол.

Бурабайға баратын туристік электр пойызы іске қосылды

Айта кетсек, аталған жобаны ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Бурабай Даму» ЖШС, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп қолға алып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: