Дүйсенбі, 26 қаңтар, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Былтыр 207 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алды

26.01.2026

50 0

Коллаж: Canva

Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, аталған жәрдемақыны алушылардың саны 207,2 адамға жетті, оларға 26,7 млрд теңге төленді.

Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып саналады.

АМЖ алуға құқылы азаматтардың 17 санаты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқа мемлекеттердің аумағында өткен әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің әйелдері мен қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болғандар, тыл еңбеккерлері, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандар, саяси репрессиялардың құрбандары, мүгедектігі бар адамдар немесе зейнеткерлер, Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалғандар және басқа да азаматтар бар.

Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке дейін өзгеріп отырады. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері жыл сайын АЕК мөлшерінің артуына байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша көтеріліп отырады.

Айта кету керек, егер азамат бірнеше негіз бойынша АМЖ алуға құқылы болса, жәрдемақы тек олардың біреуі бойынша, өз таңдауы ескеріліп төленеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ҚР азаматтарымен тең дәрежеде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. АМЖ тағайындау үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беру керек.

Айта кетейік, былтыр 276 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы алу мүмкіндігін пайдаланды.

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көбейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: