Оның 51,6 пайызы ұл, қалған 48,4 пайызы қыз, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп.
230 300 бала қалада туса, 158 мыңы ауылды аймақта дүниеге келген. Бала туу көрсеткіші Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында жоғары, ал Солтүстік Қазақстанда төмен. 1000 сәби отбасыдағы сегізінші бала екені анықталды. Ал 23 пайызы, яғни 90 мың 700 сәби екінші бала боп туған.
Сол секілді 4 075 егіз, 48 үшем және 1 төртем дүниеге келді. Қазіргі таңда елдегі халық саны – 20 млн 182 мың.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!