Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
— 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, — делінген хабарламада.
Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:
- Өзбекстан — 5 590 173 адам;
- Қырғызстан — 3 545 701 адам;
- Ресей Федерациясы — 3 502 093 адам;
- Қытай — 968 838 адам;
- Тәжікстан — 883 758 адам;
- Беларусь — 167 116 адам;
- Үндістан — 157 845 адам;
- Түркия — 135 952 адам;
- Әзербайжан — 96 834 адам;
- Германия — 95 229 адам.
Елімізге келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді.
— Қазақстанға 2020 жылы — 2 млн, 2021 жылы — 1,3 млн, 2022 жылы — 4,7 млн, 2023 жылы — 9,2 млн, 2024 жылы — 15,2 млн, 2025 жылы — 15,7 млн шетелдік турист келді, — делінген ресми жауапта.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
