2025 жылы Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген, оның 2 234-і — қандас, қалғаны — қоныс аударушылар, – деп хабарлайды KAZINFORM
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабындағы дерекке сай, бұл тізімде солтүстік өңірлер көш бастап тұр. Атап айтқанда:
— Павлодар облысына — 2 190 адам,
— Солтүстік Қазақстан облысына — 2 176 адам,
— Шығыс Қазақстан облысына — 774 адам,
— Қостанай облысына — 651 адам,
— Абай облысына — 508 адам,
— Ақмола облысына — 300 адам,
— Атырау облысына — 103 адам,
— Ұлытау облысына — 103 адам,
— Қарағанды облысына — 38 адам қоныс аударған.
Көшіп келуші адамдар мына елдерден келген:
- Қытайдан — 853
- Өзбекстаннан — 720
- Моңғолиядан — 459
- Ресейден — 103
- Түрікменстаннан — 64
- басқа елдерден — 35 адам.
Министрлік атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй қолдауын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2025 жылы Migration.enbek.kz порталы арқылы Қазақстанға көшу бойынша 18 639 өтініш өңделді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
