Жұма, 21 ақпан, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Былтыр үздік бітірген 2 түлек конкурстық іріктеусіз басшылық лауазымға тағайындалды

18.02.2025

225 0

Өңірімізде 3346 мемлекеттік қызметші бар. Саяси мемлекеттік қызметші – 15, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны 3331. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Меңдалиев департаменттің өткен жылғы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндады.

– Өңірімізде 25 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 4 «Болашақ» бағдарламасының түлегі жұмыс істейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге тестілеуге 2651 үміткер қатысса, құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 1046 адам қатысты. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын 2024 жылы үздік бітірген 5 түлектің 2-і конкурстық іріктеусіз басшылық лауазымға тағайындалды. Мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік бітірген өңіріміздегі 10 жас түлек уәкілетті органның келісімімен аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасты. Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жыл басынан бері 130-дан астам мәдени-көпшілік, ақпараттық–насихаттық жұмыстар жүргізілді. Облыста жастар назарын мемлекеттік қызметке аудару және жастармен жұмыс жасау мектеп, колледж, университет қабырғаларында да жүзеге асуда. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты Әдеп жөніндегі кеңеспен 12 отырыс өткізіліп, 58 мәселе қаралды,– деді Ерлеген Жәрдемұлы.

Сондай-ақ, департамент басшысы мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі, кадрлық процестерді цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: