Сейсенбі, 30 қыркүйек, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Цифрлы Қазақстан: әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту

30.09.2025

60 0

Алдағы үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл – Президент белгілеген маңызды стратегиялық міндет.

Осы мақсатта әртүрлі салада цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік жәрдем шараларын бөлудің санаттық тәсілінен мұқтаждықты айқын әрі әділ критерийлер бойынша анықтау моделіне көшуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін көмектердің бизнес-процестері де толықтай цифрландырылатын болады. Бұл турылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева мәлімдеді.

– Жаңашылдықтың барлығы әлеуметтік көмекті біріздендіру арқылы көмекті шын мұқтаждарға жеткізу және бюджет қаржысын үнемдеу арқылы, Жолдауда аталғандай елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуына мүмкіндік береді. Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша облыс әкімімен бекітілген өңірлік жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы топтың құрамына салалық органдар мен экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, халықты әлеуметтік қорғау басқармалары, министрліктің аумақтық еңбек және халықты әлеуметтк қорғау департаменттері, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды үйлестірушісі ретінде облыс әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары кірді. Жүйеге кейіннен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 404 енгізілетін ұйымдардың тізім қалыптастырылып, цифрлық платформаға қосылу процесіне жауапты пайдаланушылардың жеке деректері жинақталып Еңбек министрлігіне жолданды. Еңбек инспекторларымен арнайы қала аудан бөлінісінде іс сапар ұйымдастырылып, білім саласының мамандарына «Еңбек ресурстары порталына» ұйымның штат бірлігін енгізу бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді,- деді Жанар Жұмабекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: