Жұма, 19 сәуiр, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Covid-19» нені өзгертті?

08.06.2021

727 0

Осыдан біршама уақыт бұрын адамдар бетперде тағуды, қолды жиі жууды, қашықтықты сақтауды күнделікті әдетке айналдырады десе сенбес едік. Алайда бүкіл әлемді әбігерге салған індет осындай дағдыға бейімдеді.

Қытайдан шыққан вирус туралы мәлімет ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарады. Әлемді шарлаған кесел медицинасы әлдеқайда озық елдердің өзін шырғалаңға салды.

«Covid-19» жеке адамнан бастап мемлекеттік басқаруға дейінгі дағдарысқа әкелді. Барлық шекара жабылып, бұрын-соңды болмаған көлемді тежеліс орын алды. Адамдар бір сәтте табысынан айырылып, ел экономикасы тұралады. Әлем үшін уақыт бір орында тұрып қалғандай көрінді.

Коронавирус тұтқиылдан соққы берген алғашқы саланың бірі – туризм индустриясы. Қауіпті дертпен әлемдік күрес ішкі-сыртқы шекаралардың жабылуына алып келді. Транспорт тасымалы, қызмет көрсету саласы өз жұмысын уақытша тоқтатып, жобалар мен жоғары деңгейдегі іс-шаралар кейінге шегерілді. Бұл шектеулер бірден туристік саланың жұмысына кері әсер етті. Дегенмен бұл індеттің кей жерде жақсы жағынан да әсер еткенін мойындау керек.

Ең алдымен коронавирус бүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласын өзгертті. Сырттан тасымалданатын тауар айналымы шектелгенде отандық өнімдерге сұраныс арта бастады. Аса ірі компаниялар өз стратегияларын қайта қа-растырды. «Covid-19» цифрлық сауда-саттықты автоматтандыруға ерекше үлес қосты. Қазіргі кезде мамандар 2030 жылға қарай 400-ден 800 миллионға дейінгі жұмыс орны автоматтандырылуы мүмкін деп болжануда. Адамдар азық-түлікті де үйлерінде отырып алатын болды. Дәстүрлі оқу жүйесі әп-сәтте қашықтан оқыту жүйесіне ауысты. Оқытушылар онлайн дәріс беруге дағдыланып, жаппай онлайн оқу жүзеге асты.

Үкімет вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша өтемақы тағайындады. «Қауіптілігі аса жоғары топ» – реанимация бөлімдерін қоса алғанда жұқпалы аурулар стационарының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлерінің жалақысына 850 мың теңге көлемінде үстемақы қосылды. «Қауіптілігі жоғары топ» – провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлерінің жалақысына айына 425 мың теңге қосылса, «Қауіптілігі орташа топ» – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысына айына 212 мың теңге қосылды.

Осындай үлкен өзгерістерден кейін көптеген адам өзінің және өзгенің алдындағы жауапкершілігін түсінгендей. Адами құндылықтар қайта оралып, туыс арасындағы сыйластық арта бастады. Жалпы барша адамзат денсаулықтың қадірін түсінді.

А.СЕЙДУЛЛА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: