Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 12,2 млрд. теңгені құрады. Егіс көлемі – 8 041 га, оның ішінде күріш – 3 354 га, көкөніс – 1 311 га, бақша дақылдары – 1 008 га, жоңышқа – 1 611 га, картоп – 131 га және басқа да дақылдар.
Жиналған өнім: күріш – 17 440 т (52 ц/га), көкөніс – 17 764 т, бақша өнімдері – 13 579 т, картоп – 1 631 т, жоңышқа – 6 766 т.
Төрт түлікте өсім бар
Қала көлемінде мал басы көбейіп келеді. Есеп бойынша өткен жылы тіркеуге алынған ірі қара – 25 617 басқа жеткен. Ұсақ малдар – 28 953 бас, жылқы – 17 461, түйе – 2 507, құс – 17 221 басты құраған. Өндірілген өнім көлеміне келетін болсақ, ет – 2 200,7 тонна, сүт – 3 087,1 литр, жұмыртқа – 743,3 мың дана.
Өткен жылы аталған саладағы 64 еңбеккерге техника жүргізу куәлігі берілді. 488 техника тіркеліп, мемлекеттік белгілер табысталды, 31 техника техникалық байқаудан өтті.
Берекеге бастаған бағдарлама
Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 126 жас маманға 49,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді. 10 маманға тұрғын үй алуға 78,6 млн. теңге бюджеттік кредит рәсімделді. Бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар жалғасуда.
Басты міндет – сапалы қызмет
Өткен жылы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша 838, жер қатынастары бойынша 3 194 қызмет көрсетілді. Оның басым бөлігі электронды форматта ұсынылды.
33 жер комиссиясы өтіп, 3 805 құжат қаралды. Онда 971 жалға беру, 578 сатып алу, сату шарты жасалды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 919,9 га жер конкурс арқылы айналымға қосылуда. Пайдаланылмаған 1000 гектар жердің 717 гектары мемлекет қорына қайтарылды.
Мейрамбек Әжібеков
Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
