Сенбі, 22 ақпан, 09:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

«Дәрігер болып кеткен бе?!»: Ләйлә Сұлтанқызы не себепті жасанды ұрықтандыру саласына бет бұрғанын түсіндірді

21.02.2025

193 0

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Танымал тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы соңғы кезде жасанды ұрықтандыру саласына ден қойып жүргенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист бала сүйе алмай жүрген жандарға көмектесіп жүрген еді. 

“Дәрігер болып кеткен бе?” деп жазыпты бір оқырман. Оларды көп айтып, жиі көрсеткеннен кейін осылай ойлауы мүмкін екенін түсінемін. Мейлі. Жоқ, мен дәрігер емеспін, бірақ ақ халатты абзал жандардың еңбегін көрсетіп, олардың кәсіби дамуына үлес қосқым келеді. 10-15 жылын оқуға, содан кейін ғылым мен елге қызмет етуге арнаған “доғдырлардың” (әжем айтпақшы) өмірі рақат, 5 күн істеп, 2 күн демалады десеңіздер – қатты қателесесіздер. Көп жағдайда үйінде жүрсе де, пациенттерін ойлап жүреді. Жанкешті еңбектерінің арқасында қаншама отбасыға бақыт сыйлап келе жатқанына куәмін”, – деді БАҚ өкілі. 

Одан кейін жасанды ұрықтандыру бойынша қарайтын дәрігерлер тек үлкен қалаларда ғана болатынын жоққа шығарды. 

“Кейбір ерлі-зайыптылар Астана мен Алматы секілді үлкен қалаларды қиынсынады. Олардың жол шығынынан бастап, жатын-орны тамағы бар. Бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Сол олқылықтың орнын толтырғымыз келді. Батыстың (және басқа да өңірлердің) тұрғындарына қуанышты жаңалық бар. Ақтөбе қаласында жасанды ұрықтандыру орталығы ашылды. Чекаптан бастап, урология, хирургия, эндокринология, репродуктология, генетика және эмбриология мамандарына көріне аласыз. Бөлісу себебім: жаныңызда жүр жақсы адам, жаныңызда жүр жақсы маман. Біле жүріңіздерші!”, – деп жазды тележурналист.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: