Сенбі, 26 шiлде, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55, 2168
26.07.2025
PDF мұрағаты

Дәрігер, профессор: Жасанды интеллект диагнозды тез әрі дәл қояды

25.07.2025

162 0

Фото: Жасанды интеллект

Жасанды интеллект бүгінде медицинада өзінің тиімділігін дәлелдеді және оны кеңінен қолдану қажет. Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің осылай дейді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында “ЖИ-терапевт” сервисі сынақтан өткізіліп жатқанын хабарлаған еді. Жүйе дәрігер мен пациент арасындағы диалогты нақты уақытта талдап, алдын ала диагноз қояды. Көрсетілген дәлдігі – 80%-ға дейін.

Біз ғылым мен техниканың барлық жетістіктерін пайдалануымыз керек. Біздің клиникамызда жасанды интеллект екі жылдан бері эмбриологиялық зертханада көмектесіп жүр – ол эмбриондарды таңдайды, – деді Локшин.

Оның айтуынша, алдыңғы қатарлы әлемдік зертханалардың тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық терапевт кейде диагнозды білікті дәрігерлерден де жақсы қоя алады. Алайда профессор барлық жауапкершілікті ЖИ-ге беруге болмайтынын атап өтті.

Кеңесші ретінде – иә. Бірақ соңғы шешімді адам қабылдауы керек. Себебі аурудың мыңдаған түрі бар, әр пациент – ерекше, дәрігер осының бәрін кешенді түрде ескеруі тиіс, – деді қауымдастық президенті.

Локшиннің айтуынша, кейбір елдерде ЖИ жедел жәрдем бригадаларына көмектесіп жатыр. Алгоритмдер пациенттің параметрлерін жедел талдап, емдеу тактикасын ұсынады. Ол жасанды интеллектің медицинада қазіргі заманның шындығына айналғанын, болашақта да маңызы арта түсетінін айтты. Профессор алайда әрдайым дәрігерлерді ескерусіз қалдыруға болмайтынын еске салды.

Сондай-ақ, ауруды анықтайтын жасанды интеллект қаламы пайда болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: