Жұма, 22 қараша, 06:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер ереуілге шығып, науқастарды емдеуден бас тартуда

18.08.2024

252 0

Сурет: stan.kz

Үндістанның түкпір-түкпірінде емделушілер ауруханалар мен емханалардан қайтарылып жатыр, өйткені миллиондаған дәрігерлер әріптесінің зорланып, өлтірілгеніне наразылық білдіріп, ереуілге шығып жатыр. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Үндістанның медициналық ассоциациясы (IMA) 24 сағаттық ереуіл 17 тамыз таңғы сағат 6-да басталғанын айтады. Мамандар жұмысын тоқтатып, науқастарды қабылдаудан бас тартты.

Жаппай ереуілдің салдарынан аурухананың жұмысы тоқтады. Содан соң медициналық колледждердің қызметкерлері көмекке шақырылды.

Әйелдерге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық – Үндістанда кең таралған мәселе. Полицияға деген сенімсіздік пен әйелдерді кінәлаудың кесірінен көптеген қылмыстар ашылмай қалады деген пікір бар.

9 тамызда Калькуттадағы колледжде жұмыс істеген 31 жастағы стажер-дәрігерді зорлап өлтіріп кеткен екен.

Полицейлердің бірі оны өлтірді деген күдікке ілінгенімен, жәбірленушінің отбасы мұны топтық зорлау деп есептейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: