Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар…

22.03.2022

1754 0

Қазақтың салт-дәстүрінде тұнған тәрбие жатыр. Уақыт алмасқан сайын бүгінгі ұрпақ біле бермейтін салт-дәстүрлер де жетерлік. Наурыз мейрамы қарсаңында ұмыт болған салт-дәстүрлерді оқырман есіне салғанды жөн көрдік.

Бел көтерер – қарт адамдарға дәм беру. Қарт кісілер ерекше күтімді қажет етеді. Үлкен кісілерге жақын-жуығы, көршілерінің арнайылап үйіне дәм апарып беруін «Бел көтерер» деп атаған.

Өңір салу – бұл тойдан кейінгі салт. Мұны әже-апалар орындайды. Олар жаңа түскен келінге шашу шашып, сыйлық сыйлайды.

Көгентүп – Алыста тұратын туыстарына балаларымен бірге қыдырып барғанда үй иесі сәбидің алғаш келуіне арнап мал атайды. Үлпершек – тұрмыстағы қызына әкесінің сарқыт ретінде беріп жіберетін тағамы. Бұл ата-анасының қызын сағынғанын, қонаққа шақырғанын білдіреді. Мұны жылқының жүрегінен дайындап, ұн толы қапқа бір ай бойы сақтап, содан кейін дайындайды.

Қазан шегелеу – жақын-туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың бірбірінің үйіне топ болып барып, «Осы үйдің қазанын шегелей келдік», – дейді. Үй иесі де әзілмен жауап беріп: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлылық танытып, қазанға ет салады.

Біз шаншу – «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер тоқымын бір жерге жинап, түскі астан соң да кетпей қояды. Үй иесі қонаққа арнап мал сояды. Қонған адам ертесіне сәске түсте үн-түнсіз аттанып кетеді. Әдетте мұндайда үлкен кісілер келеді. Қонақ кеткен соң үйдегілер бар гәпті түсіне қойып, дереу сырмақ қағады, қайрағын іздейді. Содан сырмаққа шаншылған бізді көріп, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл «ұл ер жетті, қыз бой жетті», құда болайық дегенді білдіреді. Егер қызы бар үй қайрақты сұрамаса, әлгі қонақ болып кеткен үлкендер келіп құда түседі. Келген қонақтың сырмаққа біз шаншуы «бізде ұл бар, ол осы шаңыраққа күйеу болса» дегенді білдіреді. Ал қайрақты алып кетуі – құда болайық дегені.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: