Бейсенбі, 30 қаңтар, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды

29.01.2025

277 0

Фото: parlam.kz

Астанада 4 мыңға жуық азамат мемлекеттік қызметкер, ал 100 мыңдаған тұрғын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Олардың басым бөлігінің балалары мемлекеттік балабақшаның тәрбиеленушілері. Балабақша мен жалпы  жұмыс уақыты бірдей. Сондықтан ата-аналар жұмыстан ертерек сұранып, балабақшаға асығады. Депутат Дәулет Мұқаев бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселеге жауапты министрлік назарын аударуды сұрады.  

«Қазір көп отбасылардағы ата-аналар, яғни ері де, әйелі де жұмыс істейді. Онсыз Астанада өмір сүру оңай емес. Жұмыс уақыты – таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін. Бұл – барлық мекемелерге қойылатын ортақ талап. Содан кейін баласын балабақшадан алу үшін қызметкерлер күнделікті жұмыстан ерте кетуге сұранады. Ондай адамдардан жұмыс өнімділігін қалай талап етуге болады. Ең қиыны, дәл осы уақытта елордада жол кептелісі күшейіп, көлікті тізгіндегендер балабақшадағы баласына ертерек жету үшін асығыс қозғалады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып жататыны тағы анық», – деді Дәулет Мұқаев.

Мәжілісмен ата-аналар кешкі сағат 18.00-де жұмыстан шықса, балабақшалар 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болса, онда балалардың қараусыз қалып, көп жағдайда қарауылдың қасында қалатынын да жасырмады. Халық қалаулысы астаналық ата-аналар үшін күрмеулі болып отырған осы мәселені шешу үшін арнайы ұсынысын ортаға салды. 

«Дұрысы, ата-анасы жұмыс істейтін балаларды кезекші топтарға біріктіріп, кешкі сағат 19.00-ге дейін қарайтын болса, дұрыс болмай ма? Мұндай тәжірибе Астана қаласындағы кейбір балабақшаларда бар. Кешкі уақыттағы кезекші топтарды елордадағы барлық балабақшада ұйымдастыру керек деп санаймыз. Мұндай қадам баласына алаңдаған ата-аналардың жұмысын жеңілдететін еді», – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: