Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев танымал әншінің концертін сынап тастады, деп хабарлайды Alash.kz.
«Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталу керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психологиясын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деп жазды мәжілісмен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!