Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының қозғаушы күші – шағын және орта бизнес. Осы салаға қолдау көрсетіп, жаңа мүмкіндіктер ашып отырған басты институттардың бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Қордың басты құралдарының бірі – банк несиелерін субсидиялау және кепілдендіру. Бұл жүйе кәсіпкерлерге қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді. Мысалы, мемлекет несиенің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіп иелерінің қаржылық жүктемесін жеңілдетеді. Ал кепілдендіру тетігі бизнесі бар, бірақ кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз кәсіпкерлерге үлкен көмек. Аталған қордың ұйымдастыруымен облыста баспасөз туры бастауын алды. Турдың алғашқы нүктесі – Жалағаш ауданы. Мұнда журналистер қордың қолдауымен жүзеге асқан кәсіпкерлік нысан «Агрохимсервис-С» ЖШС жұмысымен танысты. Компания зауыты сағатына 10 тоннаға дейін түйіршіктелген тыңайтқыш шығарып, аграршыларды өнімділікті арттыруға қажетті өніммен қамтамасыз етеді. 2025 жылғы тамыз айында компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржыландыру алып, өндірісін кеңейтуге мүмкіндік алған.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!