Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дана Нұржігіт әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ге қысқартуды ұсынды

09.06.2022

840 0

Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді қолдады. Ол өзінің депутаттық сауалында Қазақстанда орташа өмір сүру жасының 71-ден 70 жасқа дейін төмендеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Дана Нұржігіттің айтуынша, әйелдерде зейнет жасын көтеру туралы шешім 2015 жылы қабылданған. Бұл кезде Қазақстандағы орташа өмір сүру жасы есепке алыныпты. Алайда 2021 жылы бұл көрсеткіш 71 жастан 70 жасқа дейін төмендеген. 

«Қазіргі зейнет жасы туралы заңнамаға сәйкес азаматтар 60-63 жасқа дейін жұмыс істесе, келесі ұрпақ жұмыссыз қалуы мүмкін. Азаматтардың көптеген өтініштерін назарға ала отырып, біз әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынамыз», – деді ол. 

Сенатор қазір Қазақстанда 453,1 мың адамның жұмыссыз екенін мәлімдеді. Олардың 9 362-і 15-28 жас аралығындағы жастар. Бұлардың қатарына ЖОО түлектері де қосылады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: