Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дархан Жолшыбеков әйелі некесіз баласын қалай қабылдағанын айтты

15.11.2024

591 0

Фото: видеодан скриншот

Жақында некесіз туған қызына пәтер мен көлік сыйлаған танымал блогер Дархан Жолшыбеков отбасы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол бұл туралы Taboo бағдарламасында сөз қозғады.

«Айшаның анасы әлеуметтік желіні шулатып жатқанда Дариға бәрінен хабардар болды. «Мына қызды шынымен танисың ба?» деп сұрады. Жоқ, танымаймын деп жауаптан жалтарып кеттім. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік», – деді ол әйеліне алғашында өтірік айтқанын мойындап.

Алайда шындық белгілі болғанда әйелі түсіністік танытқанын айтты.

«Соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды. Дари да: «ДНҚ тапсырасың ба, давай қызық болсын, тапсырып көр» деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдарға өтініш жасап, біліп алдым. Сол кезде менің қызым бар екенін түсіндім. Үйге жеткенше ойланып келдім. «Бұл – сенің көзіңе шөп салу емес, саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас» дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық», – деді блогер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: