Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

«Dauletten» қайырымдылық қоры 1000 баланы мектепке дайындады

03.09.2025

50 0

Жаңа оқу жылында «Dauletten» қайырымдылық қоры дәстүрлі түрде өңір бойынша 1 000 баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. «Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық керуені қоғамның ортақ жауапкершілігін көрсетіп, балалардың сапалы білім алуына қолдау білдіруді мақсат етеді.

Балалар – ел болашағы. Олардың толыққанды білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғам алдындағы ең басты міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Dauletten» қоры балаларға қолдау көрсету арқылы білім саласының дамуына үлес қосып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға да ықпал етіп келеді. Сондай-ақ қор «Білімнің жұлдызы» жобасы аясында жыл сайын үздік оқушылар мен студенттерге шәкіртақы тағайындайды.

Айта кетейік, «Dauletten» қорының бастамалары ерекше маңызға ие. Қордың білімге бағытталған жобалары, мұқтаж отбасыларға көрсеткен қолдауы мен балаларды мектепке дайындауға арналған дәстүрлі акциялары – қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Қайырымдылық қоры өз қызметі арқылы еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: