Жексенбі, 15 наурыз, 19:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Дауыс беру учаскесінде шағын кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды

15.03.2026

64 0

Фото: Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласында дауыс беру күні тұрғындардың мәдени белсенділігін арттыру және кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау мақсатында бірқатар референдум учаскесі жанында шағын Bookcrossing – кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды.

Дауыс беру учаскесінде шағын кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды


Бұл бастамаға дауыс беруге келген бірнеше тұрғын қатысып, өздерімен бірге әкелген кітаптарын ортақ бұрышқа қалдырып, оның орнына өздеріне қызықты басқа кітаптарды алып кету мүмкіндігіне ие болды.
Кітап алмасу бұрышында негізінен көркем әдебиет, балаларға арналған шағын кітаптар мен танымдық еңбектер қойылды. Оқырмандар кітаптарды қарап шығып, өзара пікір алмасып, әңгіме өрбіткен сәттер де болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шағын мәдени бастама адамдардың кітапқа деген ықыласын арттыруға және рухани байланысын нығайтуға бағытталған.

Дауыс беру учаскесінде шағын кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды
Дауыс беру учаскесінде шағын кітап алмасу бұрышы ұйымдастырылды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: