Дүйсенбі, 20 қазан, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Декретте жүрген ана еңбек демалысына шыға ала ма, әлде бұл мүмкін емес пе?

20.10.2025

139 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі бала үш жасқа толғанға дейін жүктілік және босану бойынша демалыста болған әйелдерге де қолданылады. Бұл норма аналардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Еңбек кодексіне сәйкес, әрбір қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқылы, ал жұмыс беруші оны беруге міндетті. Бұл құқық Еңбек кодексінің 91-бабында белгіленген және еңбек өтілі болған жағдайда туындайды.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын есептеу кезінде еңбек өтіліне төмендегі кезеңдер енгізіледі:

  • нақты жұмыс істеген уақыт;
  • қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша демалыс уақыты;
  • жұмысты қалпына келтіру алдындағы іс жүзінде жұмыс істемеген уақыт.

Сонымен қатар жалақы сақталмайтын демалыс еңбек өтіліне қосылмайды. Мұндай жағдайда қызметкерге жұмыс берушінің келісімі бойынша толық еңбек демалысы немесе нақты істеген уақытына сай демалыстың бір бөлігі беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: