Декреттен кейін жұмысқа қайта оралған аналарға заң бойынша бірқатар еңбек жеңілдіктері қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жас баласы бар аналар қысқартылған жұмыс күніне және ақылы үзілістерге құқылы.
Егер әйел адам декреттік демалыстан белгіленген мерзімнен бұрын жұмысқа шықса, ал баласы әлі бір жарым жасқа толмаса, ол толық емес жұмыс күні тәртібінде еңбек етуге құқылы. Бұл бала емізуді жалғастыру қажеттілігімен байланысты және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған.
Бұл туралы Электрондық үкімет сайтында айтылған.
Декреттік демалыстан қалай шығу керек?
Декреттік демалыс әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша, баланы 3 жасқа толғанға дейін асырау бойынша ақша төленбестен беріледі. Егер әйел бала күтімі бойынша демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға тілек білдірсе, оған жұмыс берушіге жұмысқа шығу туралы өтінішті ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес болжамды шығу күнінен бір ай бұрын ұсыну қажет.
Өз кезегінде жұмыс беруші (ҚР Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес) «декреттегінің» лауазымын уақытша атқаратын жұмыскерді еңбек қатынастарының өзгеруі – жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы бірден хабардар етуі тиіс.
Бала емізетін ана үшін толық емес жұмыс күні
Декреттік демалыстың тиісті мерзімінен бұрын жұмысқа шыққан әйел толық емес жұмыс күніне құқылы. Бұл баланы емізу 1,5 жасқа дейін жалғасу қажеттілігімен түсіндіріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес 1.5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жұмыстың әр 3 сағатынан кем емес уақытқа баланы (балаларды) тамақтандыру үшін қосымша үзілістер ұсынылады:
- бір баласы барға – әр үзіліс 30 минуттан кем емес;
- екі немесе одан да артық – әр үзіліс 1 сағаттан кем емес.
Үзіліс уақытын және оның тәртібін жұмыс берушімен келісуге болады: үзілістерді түскі асқа қосуға немесе жұмыс күнінің басына не соңына жинақтап пайдалануға рұқсат етіледі.
Маңыздысы – бұл үзілістер жұмыс уақытына кіреді және орташа жалақы бойынша төленеді, яғни қызметкердің табысы азаймайды.
Заңгерлердің айтуынша, жұмыс берушінің мұндай үзілістерді беруден бас тартуы немесе толық емес жұмыс күнін қамтамасыз етпеуі еңбек заңнамасын бұзу болып есептеледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
