«Қазгидромет» синоптиктері 29-31 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, апта соңында Атлант мұхитының аудандарынан антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«30 мамырдан бастап Жаңа жер аймақтарынан келген циклон оңтүстік циклонмен бірігіп, ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл болады», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!