Дүйсенбі, 25 қараша, 00:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

22.07.2023

471 0

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 22-24 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. 22 шілдеде еліміздің шығысында, 22-23 шілдеде республиканың солтүстігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады деп күтілуде. Синоптиктер температуралық фон бойынша күрт өзгерістер болмайтынын болжады. Демалыс күндері Алматыда жауын-шашын күтілмейді. 23 шілдеде ауа температурасы күндіз +36 градус ыстық болады. Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы ықтимал. Жексенбіде күндіз ауа температурасы +30 градусты көрсетеді. Үшінші мегаполис – Шымкентте аздаған бұлт шыққанымен, аптап ыстық жалғасады. Демалыс күндері күндіз +38 градусқа дейін күн ыстық болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: