Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Денесі үш бөлікке бөлініп қалды»: Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен

12.07.2023

893 0

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының маңында көлік жаяу жүргізушіні қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 6 шілде сағат 23:00 шамасында Талдыбұлақ кенті ауданындағы Талғар тас жолында болды. 

«Жол апаты Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына бірнеше метрге жетпей, жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Lexus жүргізушісі сағатына шамамен 150 шақырым жылдамдықпен ұшты. Ол Талғардан Алматыға келе жатты, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың алдында басып озу үшін жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, жаяу жүргіншіні қағып кетті”, – деді куәгер.

Айтуынша, соққының күшті болғаны сонша – ер адамның денесі үш бөлікке бөліп қалған. Аяғы, денесі және басы 300 метр қашықтықта әр жаққа ұшып кеткен. Көлікте жігіт пен оның достары болған. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және кезекші прокурор келді.

«6 шілдеде сағат 22:50 шамасында Lexus автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Алматы-Талғар автожолымен батыс бағытта келе жатып, 21-шақырымда жаяу жүргіншіні соқты. Апат салдарынан оқиға орнында 68 жастағы жаяу жүргінші мерт болды.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта ЖКО мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

10 шілдеде дәл осы жерде тағы бір жаяу жүргінші көліктің астындақалды. Бұл жолы қыз зардап шеккен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: