Бейсенбі, 11 желтоқсан, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Департамент басшысы жеке қабылдау өткізді

11.12.2025

48 0

Фото: Қызылорда облысының СЭБД

2025 жылғы 4-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес бүгін Департамент басшысы Гульмира Сыздыкова облыстық әкімдік ғимаратында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізді.


Департамент басшысы қабылдауға келген тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия алу тәртібі, қоғамдық тамақтану орындарына рұқсат құжатын алу, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жұмысқа тұру және жеке балабақша ашу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша сұрақтар қойылды. Азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер жасалып, егжей-тегжейлі жауап берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: