Жұма, 31 қаңтар, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Депутат Азат Перуашев: «Терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Сабақ болады».

30.01.2025

93 0

Фото: kursiv

Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев Қазақстанды «штрафстан» деп атағаны «сәтсіздік» болғанын айтады, – деп хабарлайды kursiv.

Оның пікірінше, біздің Қазақстаннан басқа отанымыз жоқ. Депутат «сөзін басқа адамдардың қалай қабылдайтынын ескермей» қалғанын айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен келісемін. Өз елімізді, өз мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Шетелдік инвесторлар мен туристерді не үшін шақырып отырмыз? Елімізді мақтау үшін бе, жамандау үшін бе? Бұл жерде Президенттің сөзі орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да осы жолдан таймауымыз керек», – деді депутат.

Азат Перуашев Парламентте ресми тілді пайдалануға міндетті екенін алға тартты. Бірақ неліктен Қазақстанды «штрафстан» деп атағанын түсіндіріп өтті.

«Мен ол жерде басқаша айттым. Айыппұлдың, жалпы, жауапкершіліктің заңбұзушылық ауыртпашылығына сай болу керек дегенді айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол рас. Мойындап отырмын. Сабақ болады. Жаза мен заңбұзушылықтың ауырлығының сәйкестігі болуы қажет деп санаймын» – деді Азат Перуашев.

Кеше, 28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанды келеке ететіндерді қатаң сынға алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: