Сәрсенбі, 29 қазан, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Депутат интернет алаяқтықпен күресті күшейтуді ұсынды

29.10.2025

51 0

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мутәлі Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары интернеттегі алаяқтық фактілері елде күрт көбейіп, азаматтардың сеніміне селкеу түсіріп отыр.

Жеке ақпараттың заңсыз жиналуы мен сатылуы, банк карталары мен онлайн-сервистер арқылы жасалатын алаяқтық әлі де кеңінен кездесуде. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар күткен нәтижені бермей отыр, – деді Мутәлі.

Оның сөзінше, 2025 жылғы маусым айында 16 миллионнан астам қазақстандықтың жеке деректері ашық таралған оқиға мемлекеттік және квазимемлекеттік ақпараттық жүйелердің осал тұстарын айқын көрсеткен. Сонымен қатар банктер, телеком-компаниялар және сауда желілері де азаматтардың үлкен көлемдегі жеке деректерін жинап, олардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы елде 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары. Киберқылмыстардың негізгі нысанасына зейнеткерлер, жастар және әлеуметтік тұрғыда осал топтар жиі ілігеді. Келтірілген залал көлемі 6 млрд теңгеден асқан.

Депутат қолданыстағы заңнамалық санкциялар компаниялардың ауқымына сай емес екенін атап өтті. Оның пікірінше, халықаралық тәжірибе бойынша деректерді қорғау талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері едәуір қатаң. Мысалы, Еуропалық Одақта ол 20 млн еуроға немесе компанияның жылдық айналымының 4%-ына дейін жетеді.

Әбутәліп Мутәлі Үкіметке азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Атап айтқанда,
• жеке деректерді заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту;
• мемлекеттік және квазимемлекеттік ақпараттық жүйелерге кешенді аудит жүргізу;
• ІТ-жүйелердегі осал тұстарды жою жоспарын әзірлеу;
• халықаралық тәжірибеге сай жазаны қатаңдату қажет екенін айтты.

Бұл қадамдар формалды сипатта қалмай, азаматтардың деректерін нақты қорғауға және мемлекеттік жүйелерге деген сенімді арттыруға бағытталуы тиіс, – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: