Сәрсенбі, 08 қазан, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Депутат мемлекеттік телеарнада қалыңдық ұрлау тақырыбының насихатталуына наразылық білдірді

08.10.2025

145 0

Видеодан скрин

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мемлекеттік “Хабар” телеарнасында қалыңдық ұрлау тақырыбының насихатталуына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер қазіргі Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыс болып есептеледі және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

2025 жылы Қылмыстық кодекске қалыңдықты еркінен тыс ұрлау үшін жауапкершілік белгілейтін бап енгізілген болатын. Әзірге ол норма негізінен профилактикалық сипатта жұмыс істеп тұр, бірақ депутаттың пікірінше, заң толық күшіне енгенде, әсіресе еліміздің оңтүстігінде мұндай қылмыстардың саны айтарлықтай азаяды.

“Қалыңдықты еркінен тыс алып қашқандар адам құқықтарын өрескел бұзушылар. Кәмелетке толмаған қыздардың ар-намысына қол сұққандар біз оларды қорғау үшін барлық шараларды қолданатынымызды білуі керек. Жаза тек қылмысты жасағандарға ғана емес, оларға көмектескен, ұстап тұрған, “менің үстімнен аттап өт” деп қолдау көрсеткен адамдарға да қолданылады. Біздің мақсат түрмелерді толтыру емес, мұндай қылмыстарды барынша азайту”, – деді Мұрат Әбенов.

Депутаттың айтуынша, тек Түркістан облысының өзінде соңғы бір жылда 13 қалыңдық ұрлау фактісі тіркелген. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Сондықтан, ол мемлекеттік арнада мұндай қылмыстарды жеңіл түрде көрсетуге қарсы екенін айтты.

“Хабар” арнасында “егер сен тұрмысқа шықпасаң, мен сені ұрлап кетемін” деген сөздер айтылған бағдарламалар көрсетілді. Бұл – әйелдердің құқықтарын бұзуды ашық насихаттау. Мен мұнымен келісе алмаймын! Мемлекеттік телеарнада мұндай мазмұндағы бағдарламаның шығуы – үлкен қателік. Сондықтан журналистерге үндеу жасаймын. Қоғамға бұл норманың мәнін дұрыс түсіндіріп, мұндай әрекеттердің заңмен тыйым салынғанын нақты жеткізейік”, – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: