Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қымбатшылық туралы журналистерге берген сұхбатында алатын айлығының азық-түлік пен дәрі-дәрмекке кететінін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Журналистер «Алатын айлығыңыз жете ме?» деп сұрайды.
Нартай Аралбайұлы:
«Айлығымның бәрі кетеді. Коммуналдық төлемдер бірнеше есе өсті. Одан бөлек медициналық қажеттіліктер бар. Мәселен, әкемде қант диабеті, анамызда да сондай диагноз. Жергілікті тіркелген емханаға қаратуға уақыт жар бермейді: бір екі апта уақыт кетеді. Оған қант диабеті күтіп отыратын ауру емес. Сондықтан жеке меншік емханаларға баруға, кейде диабетті жедел төмендететін дәрі дәрмек алуға тура келеді. Сондықтан ем-дом мен тамаққа түгел қаражатым кетеді,», – дейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!