Сәрсенбі, 29 қазан, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Депутат Қазпоштаның қызметі де күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды

29.10.2025

44 0

Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жакеевтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хатта депутат соңғы уақытта “Қазпоштаның” мерзімді басылымдарға көрсететін қызмет ақыларының бірнеше есе қымбаттауы өңірлік және республикалық газеттердің қаржылық жағдайына ауыр соққы болғанын атап өтті.

Ермұрат Бапидің айтуынша, биыл шілде айында пошта арқылы газет-журналдарды тарату құны 1000 пайызға дейін артқан. Ал жуырда баспасөзге жазылу қызметі үшін бұрынғы 17 пайыздық мөлшерлеме 41,76 пайызға көтерілгені туралы хабарлама келген.

Бұл шешім редакциялар мен журналистер қауымы үшін күтпеген және ауыр соққы болды, – деді депутат.

Сауалда халық қалаулысы бірнеше өзекті сұрақтарды көтерді:

  • “Қазпошта” мен БАҚ арасындағы келісімшарттар неге тек пошта операторының мүддесін қорғайды?
  • Қызмет ақысының көтерілуі неге алдын ала ескертілмейді және баспасөз өкілдерімен талқыланбайды?
  • Оқырманға мерзімді басылымдардың кеш жетуі үшін компания неге жауап бермейді?
  • Сондай-ақ, жазылудан түскен қаражат редакцияларға бірден берілмей, тоқсан сайын аударылады.

Осы қаржы “Қазпоштаның” есепшотында жатқан кезде кімнің мүддесіне қызмет етіп отыр? – деп сұрады депутат.

Ермұрат Бапи бұл мәселе бір ғана басылымның емес, бүкіл елдегі қағаз түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ проблемасы екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: