Сейсенбі, 28 қазан, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Депутат сайланды

28.10.2025

62 0

2025 жылғы 26 қазанда №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.


Қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Сайлаушылар тізіміне 8264 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 5060 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Қызылорда қалалық мәслихат депутатының сайлауы бойынша мынадай қорытындылар белгіленді:
№21 сайлау округі бойынша:
Кандидат Байтурсынов Алмас Нурланович үшін сайлаушылардың 525 дауысы берілді;
кандидат Маштаев Абдибакир Ибрагимович үшін сайлаушылардың 782 дауысы берілді;
кандидат Нарбаев Еркебулан Еликбаевич үшін сайлаушылардың 3634 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 103.
Сайлау қорытындысымен №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып Нарбаев Еркебулан Еликбаевич сайланды. 1991 жылы туған, «Мелиоратор» ЖШС бас директоры, Қызылорда қаласында тұрады, «Respublica партиясы» ұсынған, «Respublica» партиясының мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: