Бейсенбі, 24 сәуiр, 00:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Депутат тауарын сатып, пәтер ойнататындарды жазалауды талап етті

23.04.2025

116 0

Фото: Видеодан кадр

Мәжіліс депутаты Ернұр Бейсенбаев әлеуметтік желідегі заңсыз лотереялар мен ойындар ұйымдастырып жүрген блогерлерге қатаң шара қолдану қажеттігін айтты. Оның сөзінше, мемлекеттік органдар бұл мәселеде әлсіздік танытып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік органдар жұмыс істеуі керек. Әрбір блогердің артынан бір-бір инспектор, мемлекеттік қызметкер тағайындап беру керек. Заңды өрескел бұзған блогерлерге шара қолдану керек. Мен әрдайым айтатын бір мысал бар. Бірақ соған қарамастан мемлекеттік органдар тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын. Мысалы, қазір өте танымал блогерлер әлеуметтік желіде пәтер, көлік, әртүрлі ойындар ұйымдастырып жатыр. Бұл нәрсеге заң аясында тыйым салынған. Оған тікелей жауапкершілік бар, – дейді депутат.

Бейсенбаев блогерлердің ұйымдастырып жатқан ойындарының әділетсіз екенін де көтерді.

Заң бойынша бір ғана орган лоторея ойната алады. Ал басқа азарттық ойындардың өзінің реттелу тәртібі бар. Барлық блогерлерге айтарым, олардың әрекеттері заңсыз. Сол блогерлерді жауапкершілікке тарту қажет. Қазір ел арасында тренд болып барады. Халық соған сенеді, олар ойнатады, одан кейін халық әділетсіз ойнатқанын айтып, шулайды. Түсініксіз билеттер, қорапшаларды тікелей эфирде ойнатып жатқандай болады. Соңында блогердің таныс-тамыры болып шығады. Осындай кезде біздің қоғам ақпараттық гигиенаны өзінен бастауы керек. Ондай дүниелердің басым көпшілігіне сенудің қажеті жоқ. Біріншіден, оларға сенуге болмайды. Екіншіден, олардың ұйымдастырып жатқан лотореялары заңсыз. Одан қалса соңғы жағдайларға байланысты жалған ақпарат таралып кетті, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: