Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Депутат Жаңа жылды көктемде тойлауды ұсынды

18.01.2024

689 0

Сурет: stan.kz

Сенат депутаты Әли Бектаев Наурыз мерекесін Жаңа жыл мерекесімен қатар қойды. Тиісті сауалын ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бектаевтың айтуынша, Жаңа жылды тойлау жылдан-жылға күрделене түсті және ол отбасылық мерекеден гөрі «материалдық» шараға айналған.

“Жаңа жыл қарсаңында қалаларда қарбалас күшейіп, мерекеге дайындық қызу жүріп жатады, мұз айдындары салынып, отшашулар атылады. Тұрғын үй кешендерінің арасында атылатын пиротехника құралдарының күші балалар былай тұрсын, ересектерді де қорқытады. Сауда орталықтарында бос орын болмайды: барлығы балаларының тілегін орындап, қымбат сыйлықтар мен ойыншықтарды іздейді. Бүлдіршіндердің жаны қалаған затын тауып беруге тырысатын ата-аналарды да түсінуге болады”, – дейді депутат.

Алайда Бектаев жаңа жылдық сыйлықтардың көбі шетелден келетініне назар аударып, сол арқылы шетелдік дәстүрлерді, тұрмыс-тіршілікті, ділі мен дінін насихаттайтынына тоқталады.

Депутат Қазақстанда Жаңа жылды тойлаудың ерекше әлеуметтік-идеологиялық дәстүрін қалыптастыру қажет екенін айтты.

“Қазақстан үшін Наурыз мейрамы дәстүрге айналуға тиіс. Халық арасында Наурыз – ұлы күн, жыл басы, күн мен түннің теңелуі деп айтылады. Мифологиялық аңыз бойынша, 21 наурызға қараған түні Қыдыр ата дала кезіп жүреді. Әдетте, бұл күні адамдар жаман ниеттен арылып, тазарады. Бұл күні адамдар барлығына көмектеседі. Олар да бір-біріне жылы лебізін білдіріп, ренішін кешіріп, бата берген. Осы себепті біз қазақстандықтар үшін уақыты келді деп санаймыз. Бұл құндылықтар халқымыздың рухани негізіне, ал Наурыз басты ұлттық идеологиямызға айналуға тиіс. Наурыз мейрамы жаңару мен жаңғырудың символына айналуы керек”, – дейді ол.

Сенатор елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың жалпыұлттық тұжырымдамасын қабылдау қажет деп санайтынын жеткізген.

“Тұжырымдама Наурыз мейрамының жыл басы, барлық істің бастауы екенін балабақшадан бастап әрбір азаматтың санасына енгізуге септігін тигізеді”, – деп түсіндірді ол.

Бектаев Наурыз мейрамының мән-мағынасын, оның руханилығы мен құндылығын зерттейтін ғылыми орталықтар ашылу керек екеніне де тоқталған.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі үшін Жаңа жылдың қасиетті мәні жоқ екенін айтып, қазақтарда Наурыз мейрамы бар екенін ерекше атап өткен.

“Жаңа жыл – әрине, күнтізбе­нің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қоры­тын­ды­лап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы”, – деген еді президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: