Бейсенбі, 04 желтоқсан, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Депутат жастарға микрокредит беру талаптарын қатаңдатуды ұсынды

04.12.2025

38 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында жастарға микрокредиттің шамадан тыс жеңіл берілуі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, өмірлік тәжірибесі аз көптеген жас адам микроқаржы ұйымдарының агрессивті жарнамасына тез алданып, ойланбастан қарыз алады. Кейін жоғары пайыздар мен айыппұлдардың салдарынан қарызды жаба алмай, борышқа белшесінен бататын жағдайлар жиілеген. Бұл енді жеке отбасылардың ғана қиындігі емес, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағымсыз үрдіске айналып отыр.

Сенатор салалық ведомство мұндай қарыз алушылар бойынша нақты статистика жүргізбейді деп отыр. Сондықтан бұл мәселенің нақты ауқымын бағалауды қиындатады. Соған қарамастан, азаматтардың шағымдары мен әлеуметтік желілердегі ақпарат жастар арасында қарыз жүктемесінің айтарлықтай өскенін айқын көрсетіп отыр.

Мұндай жағдайдың орын алуына несиенің тым жеңіл әрі жедел рәсімделуі, микроқаржылық ұйымдардың жастарды нысанға алған агрессивті жарнамасы және қаржылық сауаттылықтың төмендігі әсер етуде. Сонымен қатар, микрокредиттік ұйымдарды реттеудегі кемшіліктер де жағдайды ушықтыруда: жеке деректерді енгізу арқылы бірнеше минут ішінде несие рәсімдеу мүмкіндігі жастарды ойланып-толғанбастан қаржылық міндеттеме қабылдауға итермелейді. Бұл олардың психологиялық жай-күйіне теріс әсер етіп, күйзеліс пен әлеуметтік оқшаулануға әкелуі мүмкін, – деп атап өтті Геннадий Шиповских.

Сенатор жастарға микронесие беру тәртібін қатаңдатуды, оларды 18 жастан бастап тексерусіз ресімдеу тәжірибесін тоқтатуды ұсынды. Ол жас шегін 21 жасқа дейін көтеріп, жас қарыз алушылардың қаржылық жағдайына міндетті баға енгізуді қажет деп санайды. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде қаржылық сауаттылық бойынша міндетті пәнді енгізуді, сондай-ақ қарызға, құқықтық немесе психологиялық қиындықтарға тап болған жастар тегін консультациялық және психологиялық көмек ала алатын мемлекеттік онлайн-платформа мен өңірлік қолдау орталықтарының желісін құруды ұсынды. 

Бұдан бөлек, ол мектептер мен колледждерде қаржылық сауаттылықты оқытатын міндетті пән енгізуді ұсынды. Сонымен қатар қарызға батып, құқықтық не психологиялық қиындыққа кезіккен жастарға тегін кеңес беретін мемлекеттік онлайн-платформа құруды, өңірлерде қолдау орталықтарының арнайы желісін ашуды жөн деп санайтынын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: