Сенбі, 19 сәуiр, 05:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Деструктивті діни ақпараттан қауіп көп

16.04.2025

277 0

Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Жапал Долиев өңірге арнайы іс-сапармен келді.


Іссапар барысында РАТТ мүшесі И.Әбдікәрімов атындағы Қызылода аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттерімен, Сырдария және Жалағаш ауданының жастарымен, NEET жастармен, пробациялық бақылаудағы азаматтармен, білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен, психологтармен, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерімен кездесіп, «Рухани қауіпсіздік» тақырыбынде семинар өткізіді.
Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған біліктілік арттыру семинарында Ж.Долиев халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері мен форматтарын ұсынды. Одан әрі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталған жазасын өтеушілермен топтық және жеке кездесулер жасады.


Балауса Сыздықова
Қызылорда облысы дін істері
басқармасы «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің
журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: