Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Деструктивті діни ағымдардың интернеттегі контенттері

15.12.2020

1168 0

Ислам діні атын жамылып  деструктивті діни ағымдардың жақтастары кeз келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда.

Қоғамға дендей eнген әлеуметтiк жeлінің пайдасымен қоса зияны да бар. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88% пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені белгілі. Таяу Шығыста белең алған лаңкестік әрекеттeрімен танылған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйы­мы әлeуметтік медиа және ғаламторлық тeхнологиялық қосымшаларды пайдалану арқылы өзге елдерден келген содырлармен қатарын көбейтті. Әлем бойынша ұйымдарға қосылушылардың 80% – дан астамы – ғаламтор арқылы арбалғандар. Деструктивті діни ағымдардың  жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Олар діни ағымдарға  рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп т.б қатарына тартады.

         Интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдалануда, олардың қызметi өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелердi өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздерiне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасап бағуда. Деструктивті діни ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы және  агрессиялық сипатта екені белгілі. Адам бойында қалыптасқан көзқарастық агрессия түбінде іс-қимылға айналуы әбден мүмкін екені анық. Бұған елімізідің бірнеше аймағында орын алған террорлық оқиғалар дәлел. Радикалды ағымдар көбінесе  «Facebook», «Вконтакте», «Tapatalk», «Одноклассники», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok» әлеуметтік желілерін жастар арасында кең қолданысқа ие. Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеп, өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Деструктивті діни ағым өкілдері жас өспірімдердің назарын аудару мақсатында түрлі форматта контент жасауда. Әсіресе, жасөспірімдер арасында танымал болған «Tiktok»  әлеуметтік желісінде өз насихаттарын жүргізуде. 

         Контентті дайындап таратып отыратын адамдар, негізінен террористік ұйымның соғыс алаңдарында жүрген адамдары емес, деструктивті дiни ағымның жақтаушылары болып табылатын өз үйінде, компьютер алдында отырған азаматтар. «Telegram» әлеуметтік желісі  сөйлесу құралынан бөлек, материалдарды шексіз сақтауға мол мүмкіндігі бар екенін білді. Деструктивті діни ағымның «Telegram» әлеуметтік желiсін қолданушылары өздерінің топтарына бұғат қойылған соң «Telegram-ға» балама ретiнде «Tapatalk» бағдарламасын қолдануды өз араларында ұсынып, жаңа бағдарламаны қолдануға көшуде. Бұл секілді әлеуметтік желілердегі ауысулар жалғаса береді. «Instagram» насихат жұмыстары үшін таптырмас құрал. Мұнда жат ағымның  жақтастары мыңдаған тіркелушілерді тез жинайды. Сонымен қатар, олар жихадшы-террористердің күнделікті өмірін шөл даладағы әсем көрініспен, балалардың тәтті күлкісімен, ақаруларын асынып, тату-тәті отбасылық суреттермен көрсетеді. Міне, осы сырт көзге бәрі «тамаша» боп көрінген суреттегі, бейнероликтегі өмірге әлеуметтік желідегі тіркелушілер арбалып, ақыр соңы алданып қалып жатады.  Себебі, негiзінен жастар мен орта жас өкілдері көптеп отыратын бұл платформаларда деструктивті, радикалды идеялар тез таралып, өз діттеген мақсатты аудиториясына жетіп отырады. Бұған дәлел еліміздегі экстремизм баптарымен сотталғандардың көбісі нақ осы желілерде белсенді ақпараттық жұмыстармен айналысқандар. 

         Әлеуметтiк желілерде «Виртуалды Халифат» деген ұғым қалыптасып келеді. Бұл «Виртуалды» қоғамда өмір сүретін адамдар шариғатпен емес, әлеуметтік желілердің жазылмаған заңдылықтарымен жүреді. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әр түрлі форматта болып келеді. Радикалды діни ұйымдар түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарға арбау (вербовка) жасауда. ЛГБТ-ға қатысты толеранттылыққа деген мақсатта астыртын ол қауымды да өз ұйымына кіргізуде. Осыдан-ақ террористік ұйымдардың қандай мақсатта, қалай жұмыс жасайтынына мән берсек екен.  Ғаламтор бетінде тағы қандай контент ұсынады дейтін болсақ, ол тұрмысқа шықпаған, қыздарға арналған танысу сайттары белсенді жұмыс жасауда.

Ғаламторда тағы бір ұсынылатын контент – ол қайырымдылық жасау, өз  парақшаларында құран аяттары мен сүннет амалдары, сауда саласында жарнамалар т.б туралы материал жариялаумен бастайды. Аудиториясын жинап алғаннан кейін өздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Олар  материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдей форматта,)  дайындайды. Желі қолданушыларының назарын аударатын инфографикалық және  анимациялық роликтер мен көз тартарлық дизайнды қолданады. Кейбір сайттарында халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Бірақ исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнiнде халықтың дәстүрлi діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуi мүмкін.

         Деструктивті діни ағымның өкілдері, яғни миссионерлер өз нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Мәселен заң аясында тіркеліп, жария жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, көп шаруасын астарлы түрде істейді. Заман талабына  сай QR-код арқылы өз жақтастарының қатарын арттыруда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарды алмауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды (сараптамадан өтпеген) алмаған жөн. Елімізде күмәнді бағыттағы діни ақпараттарды тарататын сайттарға әрдайым талдау жасалып, бұғаттау жұмыстары да жасалып отырады. Мәселен, 2018 жылы 8,3 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұнына талдау жасалып, 2,2 мыңнан астам заңға қайшы ақпарат көздері анықталған. Ал 2019 жылы 5,3 мыңнан астам талдау жүргізіліп, 2,3 мыңнан астамы заңға қайшы келетін мәліметтер анықталып бұғатталды. Күмәнді контенттің дені шетелдік экстремистік уағызшылардың лекциясы. Соған қарамастан, деструктивті бағыттағы идеологиялық топтар өз насихаттарын жалғастыруға         тырысуда. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын жат ағымдардан барынша сақтану қажет. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы да, жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалу жолындағы бір тәсіл болып табылады. Ел бірлігi мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтiретін діни ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет.

Нұрлан ТӘШІМОВ,

Қызылорда облысының дін істер басқармасы

Дін мәселелерін зерттеу орталығының

бөлім басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: