Қаңтар оқиғасының басты істерінің бірі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокурора көпшілік арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелидиевті 20 жылға, бұрынғы кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді 8 жылға, ҰҚК 5-ші департаменті экс-бастығы Руслан Ысқақовты 15,5 жылға соттауды сұраған еді.
Арман Жұмагелдиевпен бір іске қатысы бар көптеген айыпталушылар 1-2 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бұл мерзімдерін 2022 жылдың қаңтарынан бастап тергеу изоляторында өтегендіктен, айыпталушылардың кейбірі сот залынан босатылады.
Сот процесі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!