Ұстаз әрі журналист Әбдірашит Бәкірұлы ел дамуындағы ғылым мен білімнің рөлін айшықтап, «діннің енді мектепке еніп, оқушыларды білімнен алыстатып жатқанына» қатысты дабыл қақты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Ғылым мен білімге сұранысты мемлекеттің өндіріс саясаты тудырады. Қазір, мемлекет өндіріспен айналысуда. Бірақ, оның «ғылыми потенциалы» туралы мәселені көтере алмай отыр. Білімді жастар шет ел асып кетуде. Өйткені, олардың білім потенциялын жүзеге асыратын өндірістік потенциял дамымаған. Ал, Дін болса, «стратегиялық тұрғыдан» әрекет етуде. Дін, енді, мектепке еніп, өзіне «тұрақты жамағатты» қамтамасыз етуді қолға алмақшы. Ал, Жамағат дінді материалдық және адами тұрғыда қамтамасыз етуші күш. Олай болса, дін «мектепке кіру» арқылы, «жастардың ғылым мен білімге толық кетіп қалмауы» үшін жұмыс жасайды. Себебі, Ғылым дін догмасын терістеуші, не, оны жоққа шығарушы бірден бір тетік. Ғылымға бой ұрған бала «жамағати фанатизмге» бой ұрмайды.Ол, Мешіттің «жамағати табысына» тікелей кері әсер етеді. Имамдардың мақсаты осының алдын алу! – деді ол.
Кейіннен ұстаз үкіметтің «тиімсіз саясатын» айыптады:
Үкімет болса «гранттарды көбейттік» деп, ұйықтап жатыр.Үкімет (мемлекет) өзінің болашақ «адами капиталы» үшін күреспей отыр.Жастарды діннен қорғамай отыр.Яғни, жастардың санасы діни догмамен шырмалып қалуы мүмкін екеніне назар аудармай отыр.Әлде, біздің Үкімет Дінді «Ғылымның ажырамас бөлігі», не «Компоненті» санай ма?Онда, Үкіметтің өзі де «ауған синдромымен» ауыратын емес пе екен? – деп жазды автор.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!