Жұма, 19 қыркүйек, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Дін көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

19.09.2025

40 0

Соңғы уақытта жасанды интеллект жүйелерін діни пәтуалар шығаруға қолдану қарқын алды. Одан бөлек ChatGPT-дің берген ақпаратына иланған жастар аталған платформаның өзінің ең сенімді кеңесшісі көріп жүр. Жалпы, жасанды интеллекет – адамның санасы сияқты әртүрлі функцияны басқара алатын күрделі механизм. Сондықтан оны қолдану барысында пайдасы мен зиянына зер салған дұрыс. Бұл туралы белгілі исламтанушы-теолог Арман Қуанышбаев қызылордалық жастармен кездесуі барасында кеңінен қозғады. 

Бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналған интернет иірімдеріндегі жаңа жүйелердің діни ахуалға тигізетін кері әсерін талдап, жіктеп түсіндірді.

Спикер Сыр өңіріне іс-сапарында дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен, медицина, білім, спорт, мәдениет саласының мамандарымен кездесіп, қалалық «Нұр» мешітінде, «Ақмешіт-Сырдария» мешіттерінде жамағатқа уағыз-насихат жүргізді. Ол өз сөзінде діни экстремизм мен терроризмді алдын алудың бірден бір жолы ұлттық құндылықтарды жасөспірімдердің бойына сіңіру арқылы отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту екенін ұқтырды.

Теолог өңірге сапары барысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мекемеде экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен кездесті. Онда «сүрініп кетіп,  бүлініп жүрген» тағдыр иелеріне «игіліктің ерте кеші болмайтынын естеріне салды.

Дін көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

Балауса Сыздықова

Қызылорда облысы дін істері

 басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің

журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: