Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Діндер съезінің қандай пайдасы бар? Нұрлан имам жауап берді

17.09.2025

40 0

Фото: Артем Чурсинов

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр. Съездің пайдасы жөнінде танымал имам Нұрлан Байжігітұлы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрлан имамның айтуынша, мұндай іс-шара күшпен шешілетін мәселелерді келісім арқылы шешуге ықпал жасайды.

Біріншіден, сырттан келген қонақтың өзі ырыс-несібесімен келеді. Екіншіден, олар отырып сөйлеседі. Бастары қосылмайтын діндердің өкілдері бір жерде бас қосып, сұхбат құрады. Әрі кез келген дін қызметкерінің өз елінде артынан ерген ілесушілерге сөзсіз ықпалы бар. Сондықтан кейде күшпен шешілетін мәселелерді келісім арқылы шешуге дін қызметкерлері де атсалысады, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: